Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Астанадағы жеке ән кешіне шақырды

Күзде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде Димаш Құдайберген жеке ән кешін өткізеді. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды. 
"Құрметті достар! Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүние жүзінің 100 ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтілуде. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен , "ДимашАли" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана аренада" менің "Stranger" атты жеке концертім өтеді. Концертте кездесейік, достар!" — деді әнші. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі.
Барлық жаңалық