Блогерлерден қашып кеткен прокурор вирустық видеодан кейін жазаланды

Бұған дейін әлеуметтік желіде қашып жүрген прокурордың видеосы тарап кеткен болатын. Белгілі болғандай, видео Қонаев қаласында түсірілген. Бастапқыда блогерлерге прокуратураның екі қызметкерінің темекі шегіп, күлді жерге шашқаны ұнамады. Артынша қызметкерлердің бірі ғимаратқа кіріп, екіншісі қаша бастаған.

Блогерлер күліп, бүкіл «қууды» видеоға түсірді.

Бас прокуратура қашып кеткен Қонаевдік прокурорымен болған оқиғаға қатысты тергеу қорытындысын жариялады.

«Тексеру қорытындысы бойынша видеода көрсетілген прокурорлар түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,- деп хабарлады Бас прокуратураның кадр қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары қашып бара жатқан прокурорды видеоға түсірген блогерлерді жауапқа тартуға шақырған болатын.

https://www.instagram.com/reel/C6NjNpIojyx/?igsh=aXBrY29lbGVvaXAy