Астана қаласы бойынша полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваның атына келген қоқан-лоққы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
Қауіптер судьяның телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен хабарламалар арқылы келді.
«Сотқа дейінгі іс жүргізу ҚК-нің 407-бабының 1 — бөлігі(сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында сот қызметіне араласу) бойынша жүргізіледі», — делінген сот хабарламасында.
Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, интернет-кеңістіктің мониторингі барысында судьяға қатысты көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды, онда қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттің белгілері көрінеді.
Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша тергеу органы ҚК 411-бабының 1-бөлігі (судьяға қатысты жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жоғарғы Сотта Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттер тоқтатылатынын еске салды.
ПІКІР ЖАЗУ