Қаңтар оқиғасына байланысты бас прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
"Азаматтар тергеудің қалай жүріп жатқан, адам өлімінің мән-жайын, азаптауға қатысты тергеудің қаншалық объективті жүріп жатқанын білгісі келетінін түсінеміз. Бүгін осы сұрақтардың бәріне жауап беруге тырысамын", - деді бас прокурор Берік Асылов.
Асыловтың мәлімдемесінше, қаңтар оқиғасында Алматыда 30 мың адам шеруге шыққан.
Бас прокурор қаңтар оқиғалары бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалғанын да атап өтті."Бейбіт митингті лаңкестер өз пайдасына асыруға тырысты. Жолдарға тосқауыл қойылды. Олар халықты арандатып, қылмыстық әрекеттерге итермеледі", - деді ол.
ozgeris.info порталы