Жаңалықтар

Болат Назарбаевтың күйеу баласының 1,5 млн теңге қарызы бар

Болат Назарбаевтың күйеу баласының 1,5 млн теңге қарызы бар

Қазақстандағы «Юникредо» микроқаржылық ұйымының (GMoney брендімен жұмыс істейді) клиенттеріне қатысты жеке мәліметтер ашық интернетке шығып кеткені белгілі болды. Telegram-дағы «Выход к морю» арнасының хабарлауынша, қолжетімді болған базада шамамен 20 мың адамның деректері бар, бірақ нақты саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін — компания сайтында олардың клиенттері 100 мыңнан асатыны жазылған деп хабарлайды ozgeris.info сайты ash.kz сайтына сілтемемен.

Аталған дерекқорда қоғам назарындағы адамдар да кездеседі. Мәселен, онда Алпамыс Байзақовтың есімі бар — ол Гүлмира Байзақова (Назарбаева) есімді әйелдің күйеуі. Гүлмира — марқұм Болат Назарбаевтың қызы. Екеуі 2021 жылы үйленіп, 2022 жылы балалы болған. Алпамыс Байзақов бұған дейін Алматы қалалық полициясында жұмыс істеген, қазіргі уақытта бірнеше компанияның басшысы ретінде тіркелген.

 

Мәліметтерге қарағанда, Алпамыс 25 мың теңге көлемінде несие алған, бірақ төлем кешіктірілуі салдарынан берешегі 1,5 млн теңгеге дейін жеткен. Бұл қоғамда үлкен қызығушылық тудырды — себебі, мұндай ауқатты отбасымен байланысты адамның микронесиеге жүгінуі күмән туғызады.

Барлық жаңалық