Шілденің 2-сі күні тауға шығып, жоғалып кеткен Ақылбек Нұрисламның денесі табылды. Бұл туралы Lider.kz сайтына еріктілер айтып, полиция растады, деп жазады ozgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.
Еске салайық, Нұрисламды іздеуге 40-тан астам адам – құтқарушылар, полиция қызметкерлері, еріктілер, кинологтар мен дрондар қатысты. Марқұм Үлкен Алматы трактінің ауданында іздестірілді.