Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді. 

Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.

Барлық жаңалық