Жаңалықтар

"Бәрі бітті деп ойладым". Байзақова күйеуімен қарым-қатынастағы қиындықтары туралы ашық айтты

Инстаблогер Айжан Байзақова өзінің оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, күйеуі Нұрбекпен қарым-қатынастағы қиындықтарын ашық түрде айтты, деп хабарлайды ozgeris.info. Байзақова отбасында кикілжіңдердің жиі болатынын және оларды қалай шешетіндерін бөлісті. Блогер жанжалдан кейінгі таңның суретін де жариялап, сол күні ара-қатынастың мүлдем үзілетініне сенгендерін, бірақ таңертең бәрін ұмытып, тауға бірге шыққандарын айтты. "Әдетте татуласуға бірінші болып Нұрбек келеді, ал мен ренжуді тез қоямын",-деп мойындады Байзакова. Сонымен қатар, Айжан күйеуінің балаларға ерекше қамқорлық жасайтынын, дәрі-дәрмекке дейін бақылап отыратынын да атап өтті. "Тіпті, менің өзім балаларға ол сияқты мұқият қарамаймын",- деді ол. [caption id="attachment_34682" align="alignnone" width="720"] instagram/stories/bayzakova[/caption] Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
Барлық жаңалықтар