"KeshYOU" тобының экс-әншісі, актриса Жанар Дұғалова әлеуметтік желіде сәбимен түскен суретін жариялады. Желі қолданушылары әншінің жаңа фотосын талқылап, түрлі болжам жасаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бірнеше айдан кейін тыңдармандары әншіні жүкті деп топшылаған. Алайда біраз уақыттан соң Жанар Дұғалова желідегі парақшасына дене мүсініне қонымды көйлек киіп түскен фотосын жариялады.
Бұл жолы Жанар Дұғалованың қолына бала ұстап түскен суреті желі қолданушыларының арасында түсініспеушілік тудырды. Әнші суретке түсініктеме бермеген, оның орнына тек қызыл жүрекше мен жолбарыс түріндегі эмодзи қалдырған. Фотодан Жанар Дұғалова балаға сүйіспеншілікпен қарап тұрғанын байқауға болады.