Жаңалықтар

Magnum дүкеніндегі күріште тірі құрттар қаптап жүр

Magnum дүкеніндегі күріште тірі құрттар қаптап жүр

Желіде кең тараған видеода Magnum сауда желісіндегі күріш қаптамасының ішінен тірі құрттардың жыбырлап жүргені көрсетілген. Бұл туралы ozgeris.info сайты.

 

TikTok-та Жарқын Дариға есімді қолданушы жариялаған бейнежазбада «Айдони» маркалы күріштің мөлдір қаптамасының ішінде ұсақ құрттардың қозғалып жатқаны анық көрінеді.

 

«Magnum-ға бірінші рет келіп тұрмын — міне, көргенім осы. Қараңыздаршы, олар шынымен қимылдап жатыр. Қатты қорқып кеттім», — дейді видео авторы.

 

Сондай-ақ ол бұл өнімді шығаратын компания балалар тағамдарын да өндіретінін айтып, алаңдаушылық білдірген.

 

«Олар балалар ботқасын да шығарады екен!» — деп пікір білдірді автор.

 

Видео әлеуметтік желіде резонанс тудырып, қолданушылар дүкен әкімшілігінен ресми түсініктеме беруді және жағдайға байланысты жедел тексеріс жүргізуді талап етуде.

 

Барлық жаңалық