Қоғам

«Дарақылық»: Танымал тележүргізушінің ұлының тойында қонақтар миллиондап ақша шашты

«Дарақылық»: Танымал тележүргізушінің ұлының тойында қонақтар миллиондап ақша шашты

Алматыда тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева ұлының тойын дүркіретіп өткізді. Блогер Артур Асқарұлының қуанышына жиналғандар беташар рәсімінде қаржылай сыйлықпен жарысты, деп хабарлайды КТК.

Тау бөктерінде өткен дүбірлі тойға елімізге танымал шоу-бизнес өкілдері, блогерлер қатысты.

Эстрада жұлдыздарынан Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан», «МузАРТ» тобы, Айгүл Қосанова сынды әншілер болды. Қуанышқа ортақтасқан қонақтар кештің ерекше форматта өткенін, ұйымдастыруы мен безендірілуіне жоғары баға берген.

Сондай-ақ жұртты Артурдың тойға қайықпен кіріп келуі де таңғалдырды. Бұған желідегі оқырмандар «дарақылық» деген пікір қалдырған.

Барлық жаңалық