💰 Экономика

YouTube пен TikTok-тан ақша табатындарға қауіп төніп тұр

Қазақстанда YouTube, TikTok секілді платформалардан табыс табатын азаматтарға қатысты жаңа ереже енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 2026 жылдан бастап мұндай табыс ресми түрде бақыланатын болады, деп жазады Ozgeris.info. 

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, шетелдік және отандық интернет-платформалар өз пайдаланушылары туралы деректерді ай сайын уәкілетті органдарға беруге міндеттеледі. Бұл мәліметтерде сатушылардың аты-жөні, клиенттер тізімі, мәміле сомасы және басқа да бөлшектер қамтылады.

Мысалы, егер қазақстандық автор YouTube-та видеодан ақша тапса немесе TikTok-та жарнама арқылы табыс алса, осы төлемдер туралы ақпарат тікелей салық органдарына жетеді. Тіпті шетелдік платформалар да қазақстандықтардың пайдасына жасалған төлемдерді ашық көрсетуге тиіс.

Мұндай жүйе енгізілген соң, интернеттен табыс табатындар кірісін жасырмай, салықтық міндеттемелерін орындауы керек болады. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл өзгерістер салық төлеу мәдениетін арттырып, «көлеңкелі» онлайн табысты азайтуға бағытталғанын айтады.

Барлық жаңалық