Жаңалықтар

Олжас Бектенов: Жаңа Салық кодексі баспана нарығына айтарлықтай әсер етпейді

Олжас Бектенов: Жаңа Салық кодексі баспана нарығына айтарлықтай әсер етпейді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтегі брифинг барысында жаңа Салық кодексінің жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай кері әсерін тигізбейтініне сенімді екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Оның айтуынша, мемлекет тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізіп жатыр, бұл бағаның күрт өсуіне жол бермейді.

 

“Баспана нарығында күрделі мәселе болады деп күтпеймін. Бұл – сұраныс пен ұсынысқа байланысты нарық. Егер біз үй салмасақ, әрине, баға өсер еді. Бірақ біз салып жатырмыз: былтыр 18,9 миллион шаршы метр тұрғын үй тапсырылды – бұл рекорд. Биыл 19 миллион шаршы метрден асырамыз”, – деді Үкімет басшысы.

 

Саладағы салықтық өзгерістерге қатысты ол реформалар алдын ала талдау негізінде әзірленгенін және кейбір жеңілдіктер сақталатынын атап өтті.

 

“Құрылыс компаниялары жеңілдетілген ҚҚС арқылы артық пайда тапты. Сондықтан келер жылы Салық кодексінің нормаларына байланысты тұрғын үй бағасының күрт өсуі болмайды деп есептейміз”, – деді Бектенов.

 

Сондай-ақ ол Үкімет нарықтағы жасанды баға өсіміне жол бермейтінін қадап айтты.

Барлық жаңалық