ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі жазды.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында республикалық және өңірлік деңгейлерде шаралар қабылдануда. Осылайша, елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар, бұл халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
Бұдан басқа, бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша тұрақты тексерулер жүргізеді.
«Айналым схемасы» шеңберінде сатып алуды қаржыландыруды 54,6-дан 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Ал тұрақтандыру қорларын есепке алатын болса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізілетін болады», — деді Е. Баттақов.
Бағаны тұрақтандыру құралдарын жетілдіру мақсатында жаңа тәсілдер әзірленіп жатыр. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сатып алу көлемін ұлғайтумен, үш бағыт бойынша тауарлар бөлінісінде азық-түлік сатып алу ұсынылады.
Бірінші: ұзақ мерзімді сақтау тауарларын (күріш, қант, тұз және қарақұмық жармасы) тұрақтандыру қорларына жергілікті атқарушы органдардың тікелей және форвардтық сатып алуы арқылы сатып алу ұсынылады.
Екінші: «Айналым схемасы» шеңберінде көкөністерді, етті, сүт өнімдерін және күнбағыс майын сатып алу.
Үшінші: ұн, нан және рожки өндірісін арзандату үшін бидайды «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арқылы сатып алу ұсынылады. Сондай-ақ аталған институтты астық және күнбағыс тұқымдарын сатып алу үшін тарту ұсынылады.
«Жоғарыда аталған тәсілдер халықты өніммен жеткілікті көлемде және қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді ол.
Қатаң жаза қолдану керек,болды!
Құрғақ сөзден,қағаз жүзіндегі есеп беруден,өзгерістің болуы қиынау.Қарапайым халықтың сұранысы көп емесқой.Ең қажетті деген күнделікті өзіміздің өнімдерге бағаны ұстай алмаған бақылаушарға сенім жоқ.Баяғы жар_тас сол жартас.Қатаңдық керек.Имандылық керек.Өзі тойсада көзі тоймайтындардан құтылу оңай емес.
Нұрсұлтан қаласының Ә.Бөкейхан-40 үйдің «Нан-Пан» дүкенінде қанттың бағасы 930 теңгеден сатылуда және осы маңайдағы Мини маркет, Супер маркет және т.б. жекеменшік дүкендердегі барлық азық-түлік басқада тұрмыстық тауарлар өте қымбат. Осы жағдайды қандай тәсілді қолдансаңызда реттеу жағын қарастырып, халыққа жағыдай жасауыңызды сұраймыз.