Қазы асап, қымыз-балмұздақ жейтін жаз. Жас ғалым ерекше әдіспен қымыздан балмұздақ жасап шығарды

Түркістан облысында жас ғалым, колледж оқытушысы Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ жасап, табиғи өнімдердің қатарын молайтты,  деп хабарлайды «Ozgeris» ұлттық порталы Adyrna.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

Бойжеткеннің сөзінше оның басты мақсаты – ұлттық балмұздақтың биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Бие сүтінен жасалған балмұздақ басқаларға ұқсамай отта піседі, құрамы өзгермейді, табиғи таза өнім ретінде пайдаланылады.

«Біздің нарықта ұлттық және пайдалы қымыздан жасалған өнім түрлері жетіспейді. Балмұздақ жастардың да, балалардың да көңілінен шығады. Ол биоөнімдерді пайдалану арқылы халқымыздың денсаулығына оң әсер етеді», — деді Жадыра Байдалы.

Өнертапқыштың хабарлауынша, сусынның құрамы табиғи иммундық қасиеті бар дәрумендерге бай және адам денсаулығына пайдалы түйіршікті ақуыздар мол.

Мұнымен қоса, жас оқытушы Жадыра Байдалы саумал қосып жасалған сабын шығаруды қолға алған. Өзі мұндай сабынның адам денсаулығына емдік қасиеті бар екендігін айтып отыр.

Ozgeris.kz