Статистикалық деректерді зерттеумен айналысатын халықаралық World Population Review сайтының мәліметінше, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте екінші орында тұрғанын мәлімдеді. Алайда Ұлттық статистика бюросы бұл деректерді жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды «ozgeris.info».
«2020 жылы бұрынғы Кеңес Одағының қатарында болған Қазақстан Республикасы ажырасу саны бойынша әлемде екінші орынға ие болды. Ажырасу көрсеткіші әр 1000 адамға — 4,6 келеді. Ресей (3,9), Бельгия (3,7) және Беларусь (3,7) оның артынан келеді. Америка Құрама Штаттары бұл тізімде 9- 12- орындар аралығында, жыл сайын бұл елде ажырасу деңгейі 1000 адамға шаққанда 2,7-ні құрайды. АҚШ-тың Невада штатында ажырасу көрсеткіші тым жоғары, атап айтсақ, 14 пайызды құрайды», — деп көрсетілген World Population Review сайтында.
Ажырасу деңгейі ең жоғары елдер мыналар (жыл сайын, 1000 адамға шаққанда): Мальдив аралдары – 5,52, Қазақстан – 4,6, Ресей – 3,9, Беларусь – 3,7, Бельгия – 3,7, Молдова – 3,3, Қытай – 3,2, Куба – 2,9, Украина – 2,88, Дания – 2,7, Латвия – 2,7, Литва – 2,7, АҚШ – 2,7.
Ал Қазақстандағы Ұлттық статистика бюросы аталған деректерді жоққа шығарды. Олардың айтуынша, елімізде 2021 жыл ажырасу дерегі – 1,00 құраса, 2020 жыл – 1,18 құрады. Ажырасу көрсеткішінің жоғары деңгейі 1990 жылдары болған. 20 жыл ішіндегі максимум көрсеткіш 2019 жылы – 3,23 жеткен.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ