Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы триатлоннан Азия кубогында күміс жүлдегері атанды

Триатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі Аян Бейсенбаев триатлоннан Азия кубогында екінші орын алды, деп хабарлайды Ozgeris.Info. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті ақпарат таратты.
Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 01:48:18 секундта бағындырып, болмашы ғана уақыт айырмашылығымен алтын жүлдегер атанған Джереми Киндосқа (Өзбекстан) ғана есе жіберіп алды. Жеңімпаздың уақыты 01:48:17 болып тіркелді. Үшінші орын чехиялық Филип Михалекке бұйырды – 01:48:32.
Барлық жаңалықтар