Жаңалықтар

Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек боксшысы Асу Алмабаев UFC турниріндегі үшінші жекпе-жегін америкалық Хосе Джонсонға қарсы жеңді. Жекпе-жек үш раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша Асу бірауыздан жеңіске жетті. Асу Алмабаев кәсіпқой мансабындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізсе, Хосе Джонсон тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады. Алмабаев UFC-дегі алдыңғы екі жекпе-жегінде тағы екі америкалық боксшы Ауди Осборн мен Си Джей Вергарадан басым түсті.
Барлық жаңалықтар