«Аулаға кіру қорқынышты». Семей көшесінде кәріз тартылғаннан кейін жол шұңқырларға толды

Семей қаласының жақында кәріз тартылған көшесінде жаңбырдан кейін жол шұңқырларға толды, деп хабарлайды Ozgeris.Info

Бұл туралы ABAI NEWS Telegram парақшасына Семей тұрғыны айтты.

«Мұндай жағдай Найманбаев көшесі, 155 мекенжайында байқалады. Мұнда жолдағы үйдің бойына жаңа кәріз тартылған еді, жаңбыр жауып, көмген нәрсенің бәрі құлады. Аулаға кіру қорқынышты «, — деп жазады ABAI NEWS оқырманы.