МАҢЫЗДЫ

Астанада сұмдық жол апаты болды

Астанадағы көпірлердің бірінде жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды. Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы astana__sergek парақшасы жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info. Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, рульді басқара алмай, жоғары жылдамдықпен көпірдің қоршауына соғылған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция.
Барлық жаңалық