Астана маңындағы Қоянды ауылы тұрғындары тасқыннан алаңдаулы

Астана іргесіндегі Қоянды елдімекенінің тұрғындары көктемгі су тасқынынан қауіптеніп отыр. Олардың айтуынша, қыс бойы жиналған қар ауыл сыртына шығарылмаған. Егер күн күрт жылынса, бұл қар суға айналып, аулаларды, ауылішілік жолдарды шайып кетуі мүмкін. Әсіресе, төмен орналасқан үйлердің тұрғындары мен шағын көшелерде тұратын адамдар қатты алаңдаулы.

Тұрғындар не дейді?

Ауыл тұрғыны Бибіхан Ошманқызы көктемгі тасқынның алдын алу үшін өз күшімен ауласындағы және көшедегі қарды шығарып жатқанын айтады:

«Осыны қайтем деп таңертеңнен бері жұмыс істеп жүрмін. Жаңа ғана оқушымды мектепке апарып келіп, қайтадан қар тазалауға кірістім. Бұл жер ғана емес, ар жағында да қаншама қар жатыр. Қыстай қар шығарумен әлек болдық. Жолдарды аршып кетеді, бірақ бәрібір үлгермей жатыр. Билік қолынан келгенін жасап жатқан шығар, бірақ қар әлі де өте көп», – дейді ол.

Қоянды ауылында бұл мәселе жыл сайын көтеріледі. Тұрғындар қардың уақытылы шығарылмауы көктемде су басу қаупін арттыратынын айтады.

Әкімдік қандай шараларды қолға алуда?

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қар шығаруға арнайы техника мен жұмысшылар тартылып, биылғы жылы бұл мақсатқа 80 миллион теңге бөлінген.

Қоянды ауылдық округінің әкімі Бақытхан Солтанбайдың айтуынша, су тасқынының алдын алу үшін бірқатар шаралар атқарылуда:

«Ауылға су кірмеуі үшін биыл бұрын-соңды болмаған көлемде жұмыстар жүргізілді. Ауылдың сыртынан ұзындығы 4,2 км, тереңдігі 7 метр, ені 6 метр болатын үлкен су қоймасы (котлован) қазылды. Бұл 2024-2025 жылдардағы су тасқынының алдын алу шараларының бірі. Бүгінге дейін 80 мың текше метр қар сыртқа шығарылды, алда тағы 50 мың текше метр қарды шығару жоспарда бар. Қар арнайы екі полигонға тасымалданып жатыр, бұл жұмыстар күндіз-түні жүргізілуде», – деді ауыл әкімі.

Әкімдік тарапынан осындай шаралар қолға алынғанымен, тұрғындар әлі де алаңдаулы. Олар қар шығарудың жылдамдығы мен көлемі жеткіліксіз деп есептейді. Қардың толық шығарылмауы, дренаж жүйелерінің жеткіліксіздігі жағдайды күрделендіріп жібермей ме деп алаңдайды.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…