Жаңалықтар

Ақтауда қауіпті ойын 12 жастағы оқушыны ауруханаға жеткізді

Ақтауда 18 мамыр күні кешке 32В шағынауданындағы балалар алаңында қауіпті ойын ойнаған 12 жастағы оқушы ауыр жарақат алды. Оқушы «Иттің ләззаты» деп аталатын ойынға қатысып, есінен танып қалған. Ол жерге құлап, басын қатты соғып, кейін денесі тырысып, құрысқан деп хабарлайды ozgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтемемен. Куәгерлер баланы өз беттерінше есін жиғызуға тырысқанымен, жедел жәрдем тек жарты сағаттан кейін келді. Жарақат алған бала дереу Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер 2012 жылы туған жасөспірімге «Жабық бас-ми жарақаты» және «ми шайқалуы» диагнозын қойып, оны травматология бөліміне жатқызған. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты, қажетті ем қабылдап жатыр.
Барлық жаңалық