АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі виза сұхбатына жазылғысы келетін азаматтарға ресми түрде ескерту жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Kznews.kz порталына сілтеме жасай отырып.
Дипломатиялық миссияның хабарлауынша, 2025 жылдың 2 мамырынан бастап Астана мен Алматыдағы консулдық бөлімдер виза сұхбатына жазылуды сұхбат күнінен үш жұмыс күні бұрын, сағат 17:00-де жабады.
Мысалы, егер сұхбат 2 мамырға белгіленсе, DS-160 сауалнамасын 28 сәуір күнгі сағат 17:00-ге дейін толтырып, жіберу қажет. Бұл талап сақталмаған жағдайда сұхбат өтпейді және азамат жаңа күнге қайта жазылуы керек болады.
Елшілік сұхбатқа қатысушы адамның, тіпті визалық агенттің көмегіне жүгінсе де, DS-160 формасын дұрыс әрі толық толтыруға өзі жауапты екенін атап өтті.
Хабарламада егер DS-160 сауалнамасы талаптарға сай болмаса, жазылудың күшін жоятындығы және рәсімдеу процесін қайта бастау қажет болатыны ескертілді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру