Еліміз енді инвесторларға арналған «алтын виза» береді. Иә, дәл сол – әлемнің дамыған елдерінде бар, бай бизнесмендер аңсайтын, шекара мен шектеуді ұмыттыратын мәртебелі мүмкіндік. Енді мұндай виза біздің елде де бар, деп хабарлайды Ozgeris.info.
30-сәуір күні Сыртқы істер министрлігі сүйіншілеген жаңалық – 300 мың доллар салған шетелдік азамат 10 жылға дейін Қазақстанда тұруға рұқсат ала алады. Бұл – жай виза емес, тұруға ықтиярхатқа апаратын тура жол. Инвестицияны қайда құяды? Қазақ компаниясының жарғылық капиталына немесе отандық бағалы қағаздарға. Мұндай тәжірибе бұған дейін Еуропа, АҚШ, БАӘ, Сингапур секілді елдерде бар еді. Бизнесі бар, капиталы бар, бірақ тұрақты мекен іздеп жүрген инвесторлар үшін Қазақстан енді жаңа мекенге айналмақ. Жер, үй, компания ашу – бәріне жол ашық. Кәсіп ашқың келсе, құжатпен жүгірме – алтын визаң болса жеткілікті. Сыртқы істер министрлігі бұны елдің ашықтығының, сенімді экономикалық саясаттың белгісі деп отыр.
– Алтын визаның» берілуі шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі болжамды орта қалыптастырып, құқықтық кепілдіктер береді және Қазақстандағы инвестициялық климатқа деген сенімді нығайтады. Бұл жаңалық – елдің ашықтықты, капиталдың қорғалуын және тұрақты халықаралық экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағытының көрінісі. Еліміз халықаралық бизнеске тағы бір қадам жақындады. Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен инвестициялық визаны беру тәртібін бекіту туралы жаңа ережелер қабылданды. Бұл ережелер елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ұзақмерзімді іскерлік әріптестікті қолдауға бағытталған, – деді министрлік өкілдері.
Ал мұнымен бірге тағы бір қызық дүние бар – құнды дағдылар визасы. Бұл – Қазақстанда жетіспейтін, сұраныс жоғары, бірақ өз кадрларымыз аз кәсіптер бойынша үздік 100 шетелдік маманға берілетін арнайы рұқсат. Яғни елге келіп, тек жұмыс істеп қана қоймай, отандық мамандарды оқыту міндеті де жүктеледі.
– Алтын визаның» берілуі шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі болжамды орта қалыптастырып, құқықтық кепілдіктер береді және Қазақстандағы инвестициялық климатқа деген сенімді нығайтады. Бұл жаңалық – елдің ашықтықты, капиталдың қорғалуын және тұрақты халықаралық экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағытының көрінісі, – деп отыр министрлік өкілдері.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру