Жаңалықтар

Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты

2025 жылғы 2 маусымда Алматы қаласының Алатау ауданындағы Шапағат ықшам ауданында жарылыс орын алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты El.kz интернет порталына сілтеме жасап. Оқиға сәті көше бойындағы бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Видеожазба әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс салдарынан 1980 жылы салынған жеке тұрғын үйдің құрылымы құлап түскен. Алдын ала болжам бойынша, жарылыс газ-ауа қоспасының тұтануынан болған. Өрт шықпаған. Сағат 13:55-те үйдің қирандыларын бөлшектеу барысында 1949 жылы туған азамат К.-нің мәйіті табылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жергілікті атқарушы органдар, ТЖД, кинологтар, ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағы, 109 Қалалық құтқару қызметі, Қауіпсіздік медицина орталығы және өзге де қызметтер жұмылдырылды. Қазір жарылыстың нақты себебі мен мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Барлық жаңалық