Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.
— 2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, — деп хабарлады әуежайдан.
Еске салайық, бұған дейін төрт облыста көлік қозғалысы қайта жанданатынын жазғанбыз.
ПІКІР ЖАЗУ