Ақтөбе облысы, Шилісай ауылының тұрғындары тоғыз жыл ішінде су тартылмағанын, жол салынбағанын және автобус жүрмейтінін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі "Азаттық" радиосына сілтеп.
Ақтөбеден 25 шақырым жердегі Шилісай ауылында 300-ге жуық адам тұрады. Қалаға қарайтын ауылдан халыққа жер беріле бастағанына тоғыз жыл болды. Содан бері суды жалғыз құдықтан тасып ішіп, жауын-шашын болса жолсыз ауылда үйден шыға алмай қаламыз деп шағынды жергілікті халық.
Балалары көрші ауылдарға қатынап оқитын жұрт көптен күткен мектеп құрылысы да бітер емес деп налиды.
[caption id="attachment_32501" align="alignnone" width="1023"]

Фото: "Азаттық" Радиосы[/caption]