Айдос Сарым: «Назарбаевтың Қаңтар оқиғасына қатысы жоқ»

Фото: ашық дереккөзден

20 наурыз күні Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Ответь Бажкеновой» арнасына сұхбат беріп, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаңтар оқиғасына қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды «ozgeris.info».

«Экс-президент – Елбасының Қаңтар оқиғасына еш қатысы жоқ шығар. Ол үшін бұл нағыз шок болды. Барлық туысқандары Дубайға қашып кеткенде, ол Алматыдан ұшып келді. Ол тіпті өзінің қауіпсіздік қызметіне де сенбеді, оны көмекшісі Абай Бисембаев өз чартерімен, өз жеке көлігімен Алматыдан алып кетті.

Сіз тіпті бұрынғы Президенттің арнайы қызметтерге қатысты қандай дәрежеде сенімсіздік танытқанын елестете аласыз ба? Осы әуежайды экстремистер басып алмай тұрып, ол Астанаға ұшып үлгерді. Бір ғана факт, бірақ бұл нақты факт, экс-президент өзінің күзетіне де, Мемлекеттік күзет қызметіне де, комитетке де сенбеді. Оны ҚР Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары Бисембаев құтқарып қалды. Ол өз көлігімен Президентті алып кетті. Бұл – үлкен трагедия. Мен мұндайды өз басымнан өткізгім келмейді», – деді А.Сарым.

Бұған дейін Қаңтар оқиғасына қатысты кейбір жайттарды билік Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамед Ертісбаевтың аузымен айтқызған. Енді Ертісбаевтың орнын белгілі бір дәрежеде Айдос Сарым басқандай.

Бірқатар телеграм-каналдарда Н.Назарбаевтың «қаңтар бүлігіне қатысы жоқтығын дәлелдейтін» инсайдерлік ақпарат тарады. Онда былай дейді: «Инсайдерлік ақпаратқа қарағанда, 9 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда Назарбаев пен Тоқаев арасында кездесу өтіп, онда Тұңғыш Президент өзін төңірегіндегілердің сатып кеткенін айтқан. Әсіресе, Елбасы Кәрім Мәсімовтің іс-әрекетіне қатты қапаланған».

 

 

 «ozgeris.info».