Мақпал Жүнісова өзінің күйеуге шыққаны туралы желіде жалған ақпарат таратқандарды жазалауға ниетті. Әнші Instagram-дағы парақшасында жалған ақпарат таратушыларға бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мені күйеуге шықты деп салып жатыр екенсіңдер ғой. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймын деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой әбден. Ойларыңа келгендеріңді саласыңдар. Бұлай жалғастыра беретін болсаңдар, адам жалдап тұрып, соттатып, бәрін алып кетемін. Ешқандай да күйеуге шыққан жоқпын. Мені гүлмен қарсы алған концерттің режиссері еді», — деді әнші.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова күйеуге шықты деген жалған ақпарат Тік Ток желісінде тараған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ