«7 жастағы баланы зорлаған»: Amanat партиясының бұрынғы мүшесі қамауға алынды

Фото: gov.kz

Amanat партиясының Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы бала зорлау ісі бойынша екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Жетісу облыстық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Жетісу облыстық сотының мәліметінше, Ақсу аудандық сотының 2024 жылы 20 тамыздағы ұйғарымымен Серікқан Жақыпов қамауға алынды.

«Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген еді. Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растаған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей