2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктерге ЖСН берілмейді

inbusiness.kz

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылады. Бұл туралы Ресей мен Беларусьтегі қазақстандық дипломатиялық миссиялар хабарлады.

Бұған дейін ІІМ шетелде ЖСН алу туралы хабарландырулар көбейгеннен кейін тексеруге бастамашылық жасаған болатын.

2024 жылы 435 408 шетелдік ЖСН ресімдеді:

  • Ресей — 233 013
  • Өзбекстан — 121 719
  • Қытай — 25 654
  • Тәжікстан — 13 846
  • Қырғызстан — 9 308