«1001 гүл жіберді». Төреғалидің күйеу баласы қатты ашуланды

Фото: ашық дереккөзден

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәліге белгісіз біреуден 1001 гүл келген. Төрештің күйеу баласы Ерманби әйеліне қатты ашуланып жүрген көрінеді, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл туралы Дина Төреәлі әлеуметтік желіде жазды.

«Бүгін мынандай сұмдық жағдай болып жатыр. Курьер жеткізу қызметіненмін деп жазған соң алдын ала қыздарым шығар деп ойлап штатив қойып мәз болып жүргенмін… Отбасы бар адамға бұндай пранк жасап керек емес шығар. 1001 роза келгенде шок болдым. Кімнен деп ойлайсыздар?», — деп жазды ол парақшасында. 

Мұндай оқиғаны күтпеген болса керек, Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі де «Кім болды, қызық боп тұр» деп пікір қалдырыпты. Фариза Төреәлінің күйеуі болса бажасына қолдау көрсетіп «Бәжеке, ертең келем, күт» деп жазған.

Әзірге Дина Төреәліге 1001 гүл жіберген адамның кім екені белгісіз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dina Toreali (@tattti_kyz)