Tengrinews.kz фотографы Тұрар Қазанғапов та жаза бастапты. Бүгінгі күннің шындығын мықты айтқан.
Өзінің пікірін ол Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Сол баяғы жол – бункерлік саясат. Бұрын журналистерді шенеуніктерге кедергісіз жіберетін. Дәл солай осы жолы да болады деген үмітпен әрқашан осындай іс-шараларға барасың. Расымен де, бұрын журналистер емін-еркін кіре алған уақытта, барлығы әлдеқайда жеңіл болатын.
Жоқ. Бүгінде тіпті кулуарлар да болған жоқ. Әкімдер мен министрлер баспасөзге қолжетімсіз болып қалды. Соңында келісілген брифинг өткізеді. Ол жерге алдын ала дайындалған шенеуніктерді жібереді.
Осылай жалғасып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Билік пен БАҚ арасында ешқандай байланыс қалмады. Тәуелсіз басылымдар жоқтың қасы. Бар болса да «екінші қалта» болып жұмыс істейді. Жазуға рұқсат берсе, жазсады, үндемеу керек болса – ауыздарын жабады. Оларға жақпайтын нәрселерді жаза бастасаң, бірден назарға ілігесің.
Журналистика өшіп барады. Шенеуніктер мен олардың адамдары редакциялардың жұмысын қадағалап отыр. Біреуді мақтап не даттап жіберу керек болса, ойланбастан жасайды. Ал егер олардың ойын тәртібін бұзсаң, біттің, қаржыландыруды тоқтатып, тыныс алатын ауадан айырады.
Шамасы, бұл тек басы. Әрі қарай бұдан да жаман болады. Ал бізге әрі қарай амалын тауып өмір сүру керек.
ПІКІР ЖАЗУ