Үкімет Мәжіліске жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырды. Жаңа өзгерістерге сай, қосымша құн салығынан босап, жеңілдік алатын салалардың арасында бұқаралық ақпарат құралдары мен агроөнеркәсіптік кешен да бар.
«Бұқаралық ақпарат құралдары мен агроөнеркәсіптік кешен саласын ҚҚС төлеуден босатып, фарминдустрия, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС мөлшерлемесін 10% деңгейінде белгілеп, қосылған құн салығын мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру ұсынылады», - деп жазылған талқыланып жатқан Салық кодексінде.
Бұған журналист Диас Нұрақын өткір пікір білдірді. Айтуынша, мынадай жақсы жаңалықтан кейін НДС-ті 25 пайыз қылсаң да журналистер мыңқ етпей отыра беретін шығар?
"НДС-ті 20 % көтереміз деп жұртты шулатқан шенеуніктерді журналистер енді қатты жақсы көріп кетуі ықтимал. Себебі мәжілісте талқыланған заңда БАҚ өкілдері мен агросекторды қосымша құн салығынан босатайық деді Ұлттық экономика вице-министрі. Бұл сөз сайт, газет-журнал мен радио-телевидение қожайындарына сары майдай жағатыны анық. Өйткені біраз қаражаты қалтасында қалады.
Жалпы БАҚ-ты бұл салықтан босатқаны дұрыс. Өйткені журналистика бизнес емес идеология құралы. Қарық қылып пайда тауып жатқаны да шамалы. Енді НДС-тен үнемдейтін 12 пайызды басшылық жалаңаяқ журналистердің жалақысын көбейтуге жұмсаса, қатып кетер еді", - деді Диас Нұрақын.