«Көлеңкелі бизнес пен жемқорлыққа әкеледі»: Жолаушылар тасымалы саласын кім құрдымға жетелеп барады?

Фото: ЖИ

Біздің үкіметті түсінбейсің. Теңгенің, бензиннің, депозиттің бағамын бетімен жіберді. Баға саясатын нарық өзі реттеуі тиіс деп, бәрін еркін айналымға шығарды. Бірақ нағыз нарық реттеуі тиіс салаларды министрліктер матап ұстауға мастер болып алған.

Мәселен, өзін-өзі ақтамаған және дамуы толық тоқтаған ОСИ жүйесіне ұқсас тағы бір шала бастама дүниеге келді.  Мәжілісте жолаушылар тасымалына қатысты жаңа заң қаралып, бірінші оқылымнан өтті. Онда автобус және таксопарктерді бір палатаға кіргізіп, ай сайын жарна жинау көзделген. Енді оның аясында жолаушылар тасымалындағы баға қымбаттауы мүмкін. Және нарықта толық хаос басталады.

Көлік министрлігі өз кезегінде әзірге пилоттық жобаны іске қосуды ұсынып отыр. Сарапшылар дабыл қағуда: саланы реттеуге бағытталған бұл заң тарифтердің өсуіне, қызмет көрсету сапасының нашарлауына, тіпті көлеңкелі бизнестің белең алуына алып келеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автокөлікпен жолаушылар тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеуге беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламентте бірінші оқылымнан кейін депутаттардың байыпты ұстанымының арқасында кері қайтарылып, пилоттық жобаны іс жүзінде бақылау үшін Көлік министрлігіне жіберілді.

Яғни, жолаушы тасымалымен айналысатын кез-келген кәсіпкер палата басшысының айтқанына көніп, айдауына жүруі тиіс. Тіпті ай сайын мүшелік жарна төлеп, бірыңғай тариф бекіту керек деген ұсыныстар айтылып жатыр.

Жарна мөлшері әрбір автокөлікке жолаушылар сыйымдылығына байланысты 0,25 АЕК-тен 2 АЕК-ке дейінгі аралықта бекітілген. Мысалы, тасымалдаушының 100 автокөлігі болса, жылдық жарна мөлшері 1,2 миллионнан 9,4 миллион теңгеге дейін жетеді. Ал такси агрегаторлары үшін бұл сома 14,1 миллионнан 33 миллион теңгеге дейін болуы мүмкін.

Бұл заң қабылданса, такси мен автобустағы жол жүру бағасы қымбаттайды. Себебі ай сайын Палатаға төлейтін ақшаны, қосымша шығындарды таксопарктер мен автобус ұстайтындар жолаушының қалтасынан алады. Ал, бірыңғай тариф болады дегендері тіпті нарық заңына қайшы.

«Жалпы, такси нарығына тіпті өзін-өзі реттеу формасында да мемлекеттің араласқаны жағымсыз сигнал. Әр бизнес тиісті қызмет көрсетіп, оған өз бағасын қоюы керек. Оның нарығы бәсекеге толы болуы тиіс. Енді палата ойыншыларының сөз байласып, монополиялық бір бағаны ұстап тұруына толық жол ашылады. Сговордың көкесін осы кезде көреміз», — деп пікір білдірді Айбар Олжаев.

«Мәселен, бүгінде таксовкамен күнін көріп жүрген Берік бес жүз теңге сұрайтын жерге Ерік екі жүз теңгеге апарып тастауы мүмкін. Ол енді өзіңнің келіскеніңе байланысты. Егер жаңа заң мақұлданса, Берік те Ерік те жетер жеріңе 700 теңге алып, жеткізіп тастайды. Саудаласып, соңғы ақшам еді деп жағдай айта алмайсың», — деп пікір білдірді журналист Диас Нұрақын.

Көлік министрлігі мүшелік жарна ең төменгі мөлшерде болады деп уәде бергенімен, ӨРҰ құрылғаннан кейін олардың айтарлықтай өсіп кетпейтініне ешқандай кепіл жоқ.

Жүргізушілер де бұл пилоттың жобаның керек еместігін айтып отыр. Айтуларынша қазіргі қолданыстағы жүйе тиімді жұмыс істеп тұр.

Саарапшылар мен нарық қатысушылары бұл өзгерістерге түбегейлі қарсы:

Біріншіден, заң жобасы такси мен қоғамдық көлікті бір санатқа біріктіріп, мүдделер қақтығысын тудырады. 2024 жылы автобус тасымалдаушылары алған субсидиялардың мөлшерін ескерсек, тиімділігі төмен бизнес табысты кәсіпке масыл болуы қаупі бар.  Бұл нарықтық экономиканың қағидаттарына қайшы және тарифтердің өсуіне әкелуі мүмкін.

Екіншіден, заң жобасы нарық қатысушыларына бәсекелестерін бақылау сияқты оларға тән емес функциялар жүктейді. Сонымен қатар, агрегаторлардың әртүрлі бизнес-модельдері ескерілмеген: InDrive комиссияны алдын ала ұстайды және қалааралық тасымалдауда басымдыққа ие, ал Яндекс пен Апару басқа жұмыс тәсілдерін қолданады. Оның үстіне, барлық агрегаторлар – IT-компаниялар, тасымалдаушы емес.

Үшіншіден, ӨРҰ-ға нарыққа кіру критерийлерін белгілейді. Бұл жемқорлыққа жол ашуы мүмкін. Палата басшылығымен тіл табыса алмағандар заңды бизнестен көлеңкелі тұсына ауысуына мәжбүр болады.

Төртіншіден, палата тасымалдау тарифтерін белгілеу құқығына ие болады. Алайда аталмыш нарық бағасын реттеу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келеді, өйткені автокөлік тасымалдары баға реттелетін салалар тізіміне кірмейді.

Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаев бұл нарықты монополияға айналдыру деп ойлайды. Оның айтуынша, мемлекеттің нарықтық қағидаларға қайшы келетін бағаны реттеу әрекеттері нарықтың күйреуіне немесе қатысушылардың жаппай кетуіне әкелуі мүмкін.

Мысал ретінде сарапшы байланыс нарығындағы жағдайды келтіреді. Операторлар бір басқару жүйесіне біріккені нәтижесінде бағаның өсуі мен қызмет сапасының төмендеуіне алып келді.

Елімізде ресми тіркелген 150 таксопарк бар екен. Ертең солар бір палатаға бағынышты болса, таксидің тарифін бірлесіп бекітеді. Яғни, «ценовой сговор» жасауы мүмкін. Мұндай махинация мобильді операторлар арасында жиі кездеседі. Өзара сөзбайласып, бағаны ай сайын қымбаттатқан кездерді көрдік. Енді сол сорақылық такси қызметіне де жеткен сияқты.

«Такси қызметі күнделікті күйбең тірліктің ажырамас бөлігі. Елдің бәрінде қос-қостан көлік жоқ. Сондықтан жұмысқа, мектепке, кездесуге асыққандар таксиге мінеді. Қазірдің өзінде баға ұшынып тұр. Бүгінгідей ауа-райында тіпті аспандап кетеді.

Министрлер мықты болса, алпауыт әуе компанияларын бақылауға алсын! Олар да жолаушы тасымалымен айналысады. Әуе билеттеріне бірыңғай тариф енгізсін! Әйтпесе Алматыдан-Атырауға барып келу үшін билетке бір айлық жалақыңды жұмсайсың. Сол әуе компанияларынан жарна жинасын! Көп кешігетін, жолаушылардың уақытымен санаспайтын әуе компанияларын тезге салу керек», — деп шүйлікті журналист Диас Нұрақын.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…