Қызылорда облысы

"Жастар бағдарламасымен" жұмысқа тұрған 2360 маманға жалақы төленбеген

Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 7145 жұмысшының құқығын, оның ішінде 6342 адамның конституциялық құқығын қорғады.

6 жұмыс беруші - әкімшілік, 6 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
"Қадағалау актісі негізінде 601,3 млн теңге жалақы өндірілді. Мысалы, "Жастар практикасы" бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 жасқа 264 млн теңге жалақы қарызы төленді", – деп мәлімдеді облыс прокуроры Ризабек Ожаров.
Қадағалаушы орган еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер тапты. Облыстағы 8 мыңнан астам жұмыс беруші жұмысшыларын жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру туралы шарт жасамаған. Оның арасында күріш өсіру саласындағы іргелі құрылым - "Абзал және К" серіктестігі де бар. Компания 511 адамға байланысты шарт жасамаған. Кемшіліктер бойынша қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 55 жұмыс беруші 500-ден астам жұмысшысын жазатайым оқиғадан сақтандырды. Облыстық прокуратура бұдан өзге Қызылордада іссапар шығынын өз шотына аударған бас есепшілер тергеліп жатқанын хабарлады.
Барлық жаңалық