Бесбаевтың әйелі Мархабат оқырмандарынды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, алғаш ана атанғандай сезімде жүр екен.
“Қызымыз екеуімізде бәрі жақсы. Қолымыз енді босап жатыр. Қаншама тілектер жазып жатырсыздар, алғысым шексіз. Әр әйелге жұғысты болсын. Кесарь тілігін жоспарладым. Өзің босансаң сол бойда ғана қиналып, кейін аттай шауып кетесің. Кесарь тілігіне түсіп, жансақтау бөлімінде жаттым. Келесі күні жүре алмай, қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Бала теріс келіп тұрғасын, кесарь тілігін жоспарлады. Тіпті күнін де белгілеген едік, бірақ қызым жарық дүниеге келуге асықты. Арнайы емделіп, дайындалған жоқпын. ЭКО да жасатпадым. Алланың бізге берген үлкен сыйы”, – деді Мархабат.
Еске салайық, Мейрамбек Бесбаевтың жары құттықтап жатқан халыққа алғыс білдірген еді.
ПІКІР ЖАЗУ