Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы Сиднейде жекпе-жек өткізеді

19 қыркүйекте Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды,деп хабарлайды ozgeris.info.

Жекпе-жек 2024 жылдың 4 қазанында Австралияның Сидней қаласында өтеді және оның қарсыласы Жаңа Зеландиялық Андрей Михайлович болады. Бір қызығы, Михайловичтің өзі бұл жекпе-жек туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Андрей Михайлович 1997 жылы Ресейде дүниеге келген және бір жарым жасында егіз ағасы Николаймен бірге Жаңа Зеландиядан келген отбасы асырап алған.  
Барлық жаңалықтар