Жаңалықтар
Жамбылдық полицейлер облыс бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізуде
Жамбыл облысының аумағында "Автомобиль" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында мереке және демалыс күндері кең ауқымды жергілікті тексеру жұмыстары өткізілді.
Іс- шараның негізгі мақсаты -жол қауіпсіздігі профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан бұзудың жолын кесу, көлік құралдарының жолдағы қозғалыс тәртібін арттыру және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау.
Іс-шараға 500-ден астам полиция қызметкері және 155 қызметтік көлік құралы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысын бақылауды күшейтті. Облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері де республикалық маңызы бар автожолдарда рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді. Жол ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтауға "Дрон" ұшу аппаратының көмегі тиді. Дрондардың мақсаты жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуына, көбіне қарсы қозғалыс жолағына шығу деректерін анықтауға бағытталған .
Өңірдегі аумақтарда жүргізілген жұмыс нәтижесінде үш тәулік ішінде 2540 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Мәселен, 77 жүргізуші көлік басқаруда белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған. Бұл ретте 589 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 38 жүргізуші тиісті құжаттарсыз көлік құралын басқарған. Сонымен қатар, жолды белгіленбеген орыннан кесіп өткен 239 жаяу жүргінші анықталды.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесті, оның ішінде мас күйінде көлік құралын басқарудың 14 дерегі анықталды.
- Бұл іс-шара жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолдағы қозғалыс тәртібін сақтамайтындығын тағы да көрсетті, ал оның салдары жол-көлік оқиғалары туындауының негізгі факторы болып табылады. Үздіксіз жүргізіліп жатқан ауқымды алдын алу және ақпараттық- түсіндіру жұмыстарына қарамастан, азаматтар белгіленген ереже талаптарын бұзуды жалғастыруда. Азаматтарымыз жолдағы жауапкершіліктің маңыздылығын және жол ережелерін сақтау қажеттілігін барынша түсінуі керек. Осы немесе басқа да құқық бұзушылық қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін ешқашан болжауға болмайды. Ойланбай жасалған әрекеттің салдары өте ауыр болуы мүмкін, - деп атап көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Манас Әбдікәрімов.
-
"Қоздырғыш дәрі берді": Журналист басты күдіктілер жайлы жаңа деректерді жариялады
17:17, 15 маусым 2025
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Саяси құралға айналған: Әлеуметтік желілер санамызды қалай улап жатыр?
22:01, 13 маусым 2025
-
Dodo Pizza енді біздікі
18:37, 13 маусым 2025
-
Ірі несиені онлайн алу қиындайды
18:33, 13 маусым 2025
-
Қаржылық сауаттылықты тегін үйретеді
18:14, 13 маусым 2025
-
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
17:14, 13 маусым 2025
-
-
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде
16:24, 13 маусым 2025
-
"Қоздырғыш дәрі берді": Журналист басты күдіктілер жайлы жаңа деректерді жариялады
17:17, 15 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025