Аймақта әкімнің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Чиновниктер жағдайды бағалау үшін Меркіге барды, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Алайда бірнеше ғимарат зақымданған. Т. Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы Мәдениет үйінің, Меркі аудандық ауруханасының және Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғаларында жарықтар пайда болды. Басқа нысандарға қатысты ақпарат нақтылануда.
Жағдайды анықтау үшін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданы мен Т. Рысқұлов ауданына барды.
Жамбыл облысындағы жер сілкінісі 28 наурызға қараған түні болды. Ең қатты дүмпулер Меркі ауылында сезіліп, 5 баллды құрады.
ПІКІР ЖАЗУ