Полиция құқық бұзушылық жасағандарды әлеуметтік желілер арқылы анықтады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
ІІМ мәліметінше, жуырда TikTok желісіне мониторинг жасау барысында Т.Рысқұлов ауданында үйлену тойының алдында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін өрескел бұзған жастар тобы анықталды.
«Бейнежазбадағы Audi S4, LADA 2107, Volkswagen Golf, Mitsubishi Pajero және LADA-2115 көліктерінің иелеріне апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылықтар үшін, мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы бұзу, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау, басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды», – делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ