Жаңалықтар

Жамбыл облысында екі баланы көлік қағып кетті

Жамбыл облысы Қордай ауылында екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 19 мамырда сағат 14:54-те болған.
"Жібек Жолы көшесімен жүріп келе жатқан "Mercedes-benz E240" автокөлігінің жүргізушісі екі баланы қағып кетті. Олар жаяу жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өтпек болған", - дейді ведомство.
Жасөспірімдер аудандық ауруханада жатыр.
Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалып, автокөлік айып тұрағына қойылған.
Барлық жаңалық