Шоу-бизнес

"Жамбасыма ота жасаттым": Алтынай Жорабаева қалай күтініп жатқанын айтты

Алтынай Жорабаева көпшілікке ақыл айтып, отбасынан алған тәрбиесін көрсетті. Сондай-ақ өткен айда ота жасатқанын да айта кетті, - деп жазады ozgeris.info сайты. Өнер иесі әкесінің тамақ жасап, ас үй тірлігіне араласатынын ашық айтты.
“Міне – біздің үйдің ұстанымы. Тәрбиеміз де осындай. Еркектің немесе әйелдің жұмысы деп бөлмейміз. Кімнің қолы тиеді, сол жасай береді. Ағам да, інім де сондай. Қыздар малға да қараймыз. Жігіттер қолы тиіп тұрса, тамақ жасай салады. Сиыр сауып, күбі піседі”, – деп жазды әнші.
Бұдан бөлек, ауылда әкесінің шөп шайларымен емделіп жатқанын жеткізді.
“Кейбір еркексымақтар бар ғой. “Қатынның тірлігі” деп сөйлейтін. Олар өзіне сенімсіз, комплексі бар, тәрбие көрмегендер деп санаймын. Әкемнің анамның шайын дайындап береді. Массажын жасап, қан қысымын өлшеп отырады. Керемет жан. 28 сәуірде жамбасыма ота жасатып едім. Сол кезде ауырғанды сездірмейтін дәрілер іштім. Ол бауырым мен бүйрегіме әсер етті. Ауылда әкемнің қайнатқан шөп шайларын ішіп жатырмын. Күнде ішкізіп, уақытын қадағалап отыр”, – деп жазды өнер иесі.
Барлық жаңалық