Жаңалықтар

"Жәннатқа билет": Ғалымжан Құрманбек 50 миллион теңгеге талон сатты

Шымкент қаласында өткен бір шарада танымал әзілкеш Ғалымжан Құрманбек адамдарға "жәннатқа билет" сатты. Әлеуметтік желіде таралған видеода билет бағасы 1 миллионнан басталып, 50 миллион теңгеге дейін жеткені көрінеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бейнежазбада Ғалымжан Құрманбек билеттерді ұсынып, оларды нақты ақшаға саудалағаны анық байқалады. Оқиға көпшіліктің наразылығын туғызды — желі қолданушылары бұл әрекетті дінмен ойнау, арсыз табыс көзі ретінде бағалады.

Желіде пікір қалдырғандар арасында "Жәннатқа өзі ертіп апар ма?", "Ұят-намыс деген жоқ" деген пікірлер жиі кездеседі. Ал кейбірі бұл – өз еркімен жасалған садақа болуы мүмкін дегенді алға тартады.

Не сұмдық ♬ оригинальный звук - domabeneta
Барлық жаңалық