Жаңалықтар
Қызылорда облысында 10 жыл бұрын шетінеп кеткен сәбиге лагерьге жолдама берілген
Қызылорда облысында осыдан он жыл бұрын шетінеп кеткен сәбиге жаңылысып мектеп жанындағы лагерьге жолдама беру жағдайы тіркелген. Қателікке жол берген директор мен тиісті маман қатаң сөгіс алды.
Бұл жөнінде әлеуметтік желі беттерінде жарияланды.
Онда Арал қаласындағы №220 мектепте он жыл бұрын шетінеп кеткен нәрестеге мектеп жанындағы лагерьге жолдама бергені айтылған.
Аталған жағдайға Арал аудандық білім бөлімі төмендегіше түсінік берді.
Оған қатысты №220 орта мектепте зерделеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы жиын өткізілген.
Оған жергілікті үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудандық мәслихат, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламалар бөлімінен және мектеп қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің басшысы қатысқан.
«Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп жанындағы жазғы тынығу лагеріне №220 орта мектебінен 90 баланың тізімі жасақталған. Жолдама алу үшін E-gov порталына тіркеу барысында мектептің әлеуметтік педагогы Ақтоты Құлмырзаева жауапты ата-ананың өтінішіне сәйкес электронды кілті арқылы жеке кабинетіне кірген. Содан кейін №220 орта мектебінің 1 «в» сыныбының оқушысы Заңғар Дәуренұлын тіркеу үшін өтініш жіберудің орнына, қателесіп отбасы тізімінде тұрған 2013 жылы қайтыс болған бауыры Бейбарыс Дәуренұлының атынан қате сұраныс жүргізген. Негізі E-gov порталында бала дүниеден өтсе де аты-жөні жанұя құрамының тізімінде тұрады. Дегенмен, сол мезетте қате жібергенін көріп, тынығу лагеріне баруға тиіс Заңғар Дәуренұлын қайта тіркейді. Қажетті құжаттама дайындалып, оқушы лагерьге жіберілді. Алайда, қайтыс болған баланың өтініші кейін қайтарылмай, порталда қалып қойған», - деп мәлім етті Арал аудандық білім бөлімінен.
Зерделеу барысында Бейбарыс Дәуренұлының E-gov порталындағы өтініші мақұлданбағаны, демалушы балалардың тізімінде жоқ екені анықталды.
«Оған тынығу лагеріне қатысты ешқандай қаражат қаралмағаны анықталды. Құжаттардың барлығы заңға сәйкес рәсімделген. Жиын қорытындысы бойынша тіркеу барысында жауапты маманның баланың аты-жөнін шатастырып алғаны расталды. Нәтижесінде №220 орта мектебінің директоры Әліби Әбілбаев және әлеуметтік педагог Ақтоты Құлмырзаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айым Сейіловаға «қатаң сөгіс» жарияланды», - деп толықтырды білім бөлімінен.
-
Рүстем Жаныаманов ішіндегісін айтып қойды
15:40, 29 маусым 2025
-
Қайрат Нұртастың ұлы ауруханаға түсіп қалды
12:33, 29 маусым 2025
-
Жетісу облысында екі полицей көз жұмды
10:35, 29 маусым 2025
-
Ақтөбе облысында жоғалған атасы мен немересі суға батқан көліктен табылды
17:20, 28 маусым 2025
-
Журналистерге Президент атынан баспана кілті табысталды
15:27, 28 маусым 2025
-
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы кезекті жекпе-жегіне аттанды
13:44, 28 маусым 2025
-
Жұмабек Жанықұлов Динара Сәтжанды ерекше құттықтады (ФОТО)
11:32, 28 маусым 2025
-
Ақмолада жас ананың өлімі тіркелді: қайғылы оқиғаға депрессия себеп болуы мүмкін
09:08, 28 маусым 2025
-
-
Білім емес, бизнес: Қазақстанда жалған дипломдар нарығы өршіп тұр
22:29, 27 маусым 2025
-
Қайрат Нұртастың ұлы ауруханаға түсіп қалды
12:33, 29 маусым 2025
-
Рүстем Жаныаманов ішіндегісін айтып қойды
15:40, 29 маусым 2025
-
Жетісу облысында екі полицей көз жұмды
10:35, 29 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
Айсәуле Бақытбек ауыр қайғыдан кейін жан сырын бөлісті
16:59, 25 маусым 2025
-
"Иіскегім келеді": Филармония директоры әншіні сотқа беретінін айтты (ВИДЕО)
11:20, 24 маусым 2025
-
"Аузы жаман, аяғы лас": Наркенже Серікбаева сынға ұшырады
09:56, 25 маусым 2025
-
-
«Басына ота жасатқан»: Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы туралы ақпарат шықты
07:49, 27 маусым 2025
-
-
Елдос Сметов пышаққа түсті
15:17, 23 маусым 2025
-
Ішімдік көп ішетін өңірлер қандай?
13:09, 25 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025
-
Айсәуле Бақытбек ауыр қайғыдан кейін жан сырын бөлісті
16:59, 25 маусым 2025