Жаңалықтар

Түркістан облысының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

Түркістан облысының тұрғыны Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Жәнібек Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. ҰБТ-да бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған.

"Жәнібек — көпбалалы отбасынан шыққан, зерек әрі білімге құштар оқушы. Бұл жетістік – оның табандылығы мен жүйелі еңбегінің нәтижесі", – деді облыс әкімдігіндегілер.

Айта кетейік, биылғы ҰБТ 16 мамырда басталды және 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижені грант конкурсына ұсына алады. Биыл тестілеуге 216 мыңға жуық түлек өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға көп.

Барлық жаңалық