Жаңалықтар

Туризм министрлігі «Астана Арена» және «Алау» спорт нысандарын жөндеуге 20,9 млрд теңге сұрады

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі ел үкіметінен Астанадағы екі ірі спорт нысанын – «Астана Арена» стадионы мен «Алау» мұз сарайын жөндеуге 2026 жылға 20,9 млрд теңге бөлуді сұрады. Құжатта әр нысан бойынша нақты сомалар көрсетілмеген, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Айта кету керек, «Астана Аренада» ауқымды қайта жөндеу жұмыстары 2023 жылдың соңынан 2025 жылдың басына дейін жүргізілген. Сол кезде жөндеуге 15 млрд теңге бөлінген болатын. Жұмыстарға жасанды алаңды ауыстыру, жылыту және суару жүйелерін жаңарту, сондай-ақ шатыр мен қасбетті жаңғырту кірді. Барлық жұмыстар УЕФА талаптарына сәйкес жүргізілді. Соған қарамастан, 2024 жылдың жазында стадион тек Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына уақытша ашылды, ал «Астана» мен «Челси» арасындағы футбол матчы Алматыға ауыстырылды. «Алау» мұз сарайы да 2024 жылы жөндеуден өтті. Оған дейін, 2021 жылы, нысанның ішінара жөндеуі үшін 12,3 млн теңге жұмсалған болатын. Техникалық қорытындыға сәйкес, нысанның шатыры толық жөндеуді қажет етеді. «Астана Арена», «Алау» және «Барыс Арена» спорт кешендерін басқару Mtex Management компаниясына тапсырылған. Формалды түрде бұл нысандар қалалық активтер мен мемлекеттік сатып алу басқармасына тиесілі. Mtex Management компаниясының үлескерлерінің бірі – бұрынғы КВН қатысушысы Санат Шапашов
Барлық жаңалықтар