Алматыда «Медеу» спорт кешеніне апаратын жолда ауыр ЖКО орын алды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жас велосипедші жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде трактормен соқтығысқан. Оқиғаның бейнесі әлеуметтік желілерге тез тарады.
Нәтижесінде велосипедші ауыр жарақат алған: шынтағы зақымданған, иегі жарылған, бірнеше тісі сынған. Жас балаға екі ота жасалды, жақын арада тағы бір ота жасалады. Алда оны бірнеше айға созылатын ұзақ оңалту күтіп тұр.
Зардап шегуші трактор жүргізушісімен немесе жолды жөндеуге жауапты мердігер ұйым өкілдерімен әлі кездеспегенін хабарлады. Зардап шегушінің отбасы жағдайды шешу үшін жауапты тұлғалармен келіссөздер жүргізе бастады. Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаны тергеу жалғасуда және апаттың мән-жайы анықталуда.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру