Жаңалықтар

Ақтөбе вокзалындағы қанды қылмыс: пойыз бастығын алты жерден пышақтап өлтірді

Ақтөбе вокзалындағы қанды қылмыс: пойыз бастығын алты жерден пышақтап өлтірді

Ақтөбе теміржол вокзалында жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Полиция мәліметінше, перронда тұрған 47 жастағы жолаушылар пойызының бастығына белгісіз ер адам келіп, темекі сұраған. Бас тартқанын естіген ол пышақ алып, жәбірленушіні алты рет жаралаған.

Оқиға сәті вокзалдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, алайда жазба әлі жарияланған жоқ. Күдікті – 28 жастағы Ақтөбе тұрғыны. Бұған дейін сотталған, қазір пробациялық бақылауда болған.

Қазір ол қамауда, үстінен Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. «Пассажир тасымалдары» АҚ марқұмның қайтыс болған сәтінде демалыста болғанын хабарлады. Қанды қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр.

Барлық жаңалық