Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм полицей Шалхар Байжомартовты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді», – деді Айдар Сайтбеков.Айта кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылы 20 желтоқсанда болды. Жол апатын тіркеу кезінде көлік жүргізушілерінің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.